Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

Басшы блогы

Басшы блогы


 

Абуова Меруерт Абитаевна           

Нұр-Сұлтан  қаласы  Білім  басқармасының  2021  жылдың  21 қаңтарындағы  №75-ж/қ бұйрығы негізінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  «№42 Орта мектеп»  КММ  директоры болып тағайындалды.

Туған күні/айы/жылы:    04.07.1974ж

Туған жері:  Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

Отбасылық жағдайы: тұрмыста

Ұлты:  Қазақ

Білімі:  Жамбыл педагогикалық институты.  Филология факультеті.

Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Магистр: «Педагогика  және психология»

Тілдерді меңгеруі:  қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі.

Еңбек өтілі:

1995-2002 жж. Тараз қаласының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2002-2006 жж. Астана қаласы № 15 мектеп лицейінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

2006-2016жж. Астана қаласы Білім басқармасының қазақ тілі және әдебиеті методисті.

2016-2021 жж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мәшhүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп» КММ директоры.

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ директоры.

 

Біліктілікті арттыру:

2015 ж – ҚР Білім және ғылым министрлігі. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»  сертификаты.

2016ж – «Болашақ» бағдарламасына қатысты. Германия, Берлин қаласындағы Гумбольд университетінде үш ай тәжірибеден өтті.

2017ж -  «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ ҚР педагогикалық щығармашылық орталығын даярлау үшін жалпы білім беру ұйымы басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағаттан тұратын курсты аяқтады.

2018 ж – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту бойынша білім беру ұйымдарының ғылыми – әдістемелік жұмысы» атты семинарда 8 сағат көлемінде білім алды.

2018ж – Педагогиалық шеберлік орталығында «ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» бойынша курсты аяқтады.

2019ж – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, Қазақстан Республикасында  орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және « Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады.

2020 ж – ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ « Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» атты 80 сағат біліктіліктілікті арттыру курсынан өтті.

Жалпы еңбек өтілі: 26 жыл

Мемлекеттік  мадақтамалары: 

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҰБТ орталығының алғыс хаты. 2015 ж.
  • Жамбыл, Қызылорда және Астана қалаларының әкімінің алғыс хаты. 2015 ж.
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған төс белгісі, 2015ж.
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты, 2016ж.
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту комитетінің алғыс хаты, 2016ж.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы, 2017ж.


3 пікір
2544 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 14.02.2014 в 00:00

Президент Жолдауы

Директор блогы

Choose Color