Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

Жаңалықтар

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы.

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы. Мұғалімнің тұлғалық өсуі – біліктілікті жетілдіру арқылы іске асатын үдеріс. Өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі бола алатыны белгілі. Кәсіби білігі мен білімі жоғары әрбір ұстаз өскелең ұрпақты қоғамның болашақ білімді азаматы етіп тәрбиелеуде өз біліктілігін үнемі арттырып отыруы керек. Осы мақсатта қараша айының 4-і күні филология ғылымдарының магистрі, докторант, халықаралық тренер Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы «Авторлық бағдарлама және оқу әдістемелік құралдарды жасаудың әдістемесі» тақырыбында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ мұғалімдерімен семинар өткізді. Семинарда авторлық бағдарлама, көмекші оқу құралы, көмекші оқу- әдістемелік құралы, жұмыс дәптері, қысқаша әдістемелік нұсқау, аннотация, түсінік хат жазудың жолдары туралы көптеген кеңестер, бағыт-бағдар берген білікті тренерге айтар алғысымыз шексіз. Ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз семинар барысында түрлі сұрақтардың жауабын алып, қызығушылықтары артты. Мектеп – барлық өркениеттің ошағы десек, мұғалімдер – мектептің шырағы. Ал, әрбір шырақ жарық болуы үшін ізденімпаз ұстаздың алар асуы мен біршама бағындырған белестері болуы керек. Білім шыңына шығып, еліміздің келешек тұтқасын ұстар ұрпақтың білімді де білікті болуына аянбай еңбек ету – біздің ұстаздарымыздың басты миссиясы. P.S: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» К.Ушинский

Толығырақ

04.11.2021 в 21:30 Пікір жоқ 223 қаралды

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы - бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы - бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Әлем алға қарап дамыған сайын, білім беру мазмұны да жаңарып, дамып келеді. Білім берудің негізгі мақсаты — оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың маңыздылығын арттыруды қажет етеді. Мұғалімдердің алдында тұрған басты мәселе – білім алушыларды қалай оқыту жолдарын қарастыру. Нәтижесінде ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті, метатануы қалыптасқан табысты тұлға қалыптасады. Оқушылардың күзгі демалысы уақытындағы мұғалімдердің жұмыс күндерінде жоспар бойынша 02.11.2021ж. күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚБАИ филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Имангалиев Бауыржан Сәбитұлы және «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Боранбаева Ләйла Қайырбекқызы, Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқытудағы кедергілерді анықтау және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан кейінгі алған білімдерін толықтыра отырып, оқытудағы кедергілерді жоюда түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың білім беру үдерісіндегі тәсілдерін зерделеді. Еркін форматта ұйымдастырылған дөңгелек үстелде мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарымен бөліскені үшін білікті тренерлерге айтар алғысымыз шексіз. P.S: Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үрдіс

Толығырақ

02.11.2021 в 21:32 Пікір жоқ 293 қаралды

STEAM – оқытудың біріктірілген тәсілі.

STEAM – оқытудың біріктірілген тәсілі. STEAM – білім беру дегеніміз не? Бір сөзбен жеткізе алсақ, дәстүрлі оқытылатын ғылымдарға заман ағымымен келген және келе беретін жаңалықтарды кіріктіріп оқыту. STEАM зертханаларының мақсаты — теориялық материал бойынша алынған білімді тереңдету, тәжірибелік мәліметтерді жинау және өңдеу технологияларын үйрену. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мекемесінің жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология пәні мұғалімдері «CARAVAN OF KNOWLEDGE» корпоративтік білім беру қорының ұйымдастыруымен 13.10.-26.10.2021ж. күндері аралығында халықаралық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс спикері Kennedy Gordon және НЗМ физика пәні мұғалімі, білікті маман Смагулова Айнур курс тыңдаушыларына қолдау көрсетіп, терең білім берді. Мектебіміздің билингвалды пән мұғалімдері Ғазиза Тоқтарқызы мен Ақмаржан Ақарысқызы аталған курста өз бағыттары бойынша теориялық тұрғыда білім алып, онымен қоса өз шәкірттерімен бірге тәжірибе жасап, таныстырылым бойынша қашықтан ZOOM платформасымен қорғады. Бұдан күтілетін нәтиже: бәсекеге қабілетті, заман талабына сай білімді, химиялық, биологиялық құбылыстардың инженерлік технологиясының прототиптерін жасап шығару арқылы шәкірттеріміз жеке тұлға ретінде қалыптасады. P.S: Ұстaздapымыздың біліктілігін, бeлсeндiлiгiн apттыpуда оқу үpдiсiн әлeмдiк бiлiм кeңiстiгiнe eнуiнe әp түpлi жaңa тeхнологиялap apқылы шығapмaшылықпeн ұйымдaстыpу – біздің басты міндетіміз. # НұрСұлтанқаласыБілімбасқармасы # Білімберудіжаңғыртуорталығы # 42ortamektepresmi # STEAM # CARAVANOFKNOWLEDGE # НЗМ

Толығырақ

26.10.2021 в 21:36 Пікір жоқ 325 қаралды

STEAM білім беру кабинеті ашылды

2021 жыл қазан айының 14-і күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шеврон компаниясының «CARAVAN OF KNOWLEDGE» Корпоративтік білім беру қорының демеушілігімен заманауи STEAM білім беру кабинеті ашылды . Жоспарлаған жұмысымыздың салтанатты түрде ашылуына Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі және орта білім беру» бөлімі бастығының орынбасары Төлектегі Сафура Сейдуәліқызы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы білім мазмұны бөлімінің басшысы – Аманкелдиева Асыл Амангелдіқызы, бас маман – Ақмолдаева Манат Кеңесқызы келіп, жаңа жобаға жақсы тілектер айтып, сәттілік тіледі Қазіргі заманауи мұғалім балаларды оқыта отырып, мектеп қабырғасында алған білімдері өзгермелі әлемге бейімделе алуына көмектесетініне сенімді болуы керек. Себебі, ертеңгі күнгі жұмыс орны шығармашылық пен инновацияны талап етеді. Демек, STEAM - білім беру шығармашылық амал-тәсілдерді қолдану мен сын тұрғысында ойлау сияқты ХХІ ғасырдың жасампаз дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл дағдылар барлық оқу кезеңінде кез келген пәннен үлгеру үшін қажет болады. Болжамдар бойынша STEAM сегментіндегі жұмыс орындары жұмыспен қамтудың басқа секторларымен салыстырғанда, алдағы он жылдықта екі есе қарқынмен өсуі мүмкін. Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда, STEAM тәсілі орта мектепте балаларды тәжірибе жасауға бағыт береді, модельдерді жобалау, музыка мен фильмдер жасау, өз идеяларын жүзеге асыратын соңғы өнімді жасап шығару болып табылады. Бұл білім беру тәсілі балаларға теория мен тәжірибелік дағдыларды тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді және жоғары оқу орнына түсуді және одан әрі оқуды жеңілдетеді. STEAM – бұл инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. Заманауи кабинет жасап серіктес болуға үлкен жауапкершілік жүктеп отырған @Caravan_of_knowledge қорына және оның жетекшісі Биюмбаева Зарина Мұсақызына , Шеврон компаниясының өкілі Айтмуханова Лейла ханымға алғыс айта отырып, серіктес мектептер ретінде бізді таңдап, бірге жұмыс жасауға сенім білдіріп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. #МОНРК #АсхатАймағамбетов #НұрСұлтанқаласыБілімбасқармасы #Білімберудіжаңғыртуорталығы #42ortamektepresmi

Толығырақ

15.10.2021 в 09:56 Пікір жоқ 410 қаралды

Білікті ұстаз – бүгінгі заманның талабы.

Біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі заман талабына сай ақпараттық-технологиялар болып табылады. Қазіргі уақытта әлемде ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп, қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр. Ақпараттық-технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мекемесінің математика, физика, информатика, химия, биология, технология пән мұғалімдері 3D басып шығарудың әдіс-тәсілдерін ғылыми негізде меңгеріп, тәжірибе түрінде деректерді жасауда біліктіліктерін арттырып жатыр. Сондай-ақ, парақ материалынан немесе сұйықтықтан, ұнтақтан тұратын қабаттар бір-біріне қосылып, түрлі пішін етіп шығарудың қыр-сырын толық меңгеруде. Біздің басты миссиямыз – үйреншікті пайымның шеңберінен шығып, инновациялық шешімдер жасап шығару, жаңа жобаны іске асыруда нәтижелі еңбек ету. Сонымен қатар, әлемдік жүйенің жаңа тренді білім беру робототехникасын дамытып, мектебіміздің оқушыларын халықаралық сайыстардың жеңімпазы ету. Ендеше, іске сәт! Жетістіктің шығар шыңы әлі алда! P.S: Білікті маманнан – білімді шәкірт #МОНРК #НұрСұлтанқаласыБілімбасқармасы #Білімберудіжаңғыртуорталығы #42ortamektepresmi

Толығырақ

15.10.2021 в 09:52 Пікір жоқ 282 қаралды

I қалалық "Әдебиет әліппесі" байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ""№42 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының жоспарына сәйкес жіберілген хат бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында I қалалық "Әдебиет әліппесі" байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға 2-4 сыныптар арасынан 32 окушы қатысты. Оқушылар байқау ережесіне сай 4 номинация бойынша өнер көрсетті. 1. "Өнер алды..." ертегіні мәнерлеп жатқа оку. 2. "Ойлан, тап" берілген сөздер мен сөз тіркестерінен өлең жолдарын құрастыру. 3. "Алтын сақа" шығарманы жалғастыру 4. "Ақ желкен" шығармашылық жұмыс.

Толығырақ

10.10.2021 в 16:24 Пікір жоқ 300 қаралды

"Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтілді.

08.10.2021ж. күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№42 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ұйымдастырған 5-6 сынып оқушылары арасында Республикалық "Алтын сақа" математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтілді. Олимпиадаға 5-сыныптан 8 оқушы, 6-сыныптан 7 оқушы қатысты. Жетекшілері: Смаилова Гүлдана Әжібайқызы, Амандосова Жадыра Маратқызы.

Толығырақ

10.10.2021 в 16:20 Пікір жоқ 581 қаралды

Гидропоника әдісімен тамақтандыруда қолданылатын дәмдеуіштер өсіру

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» КММ «Гидропоника әдісімен тамақтандыруда қолданылатын дәмдеуіштер өсіру» тақырыбындағы жоба жұмысымен мектеп оқушылары айналысуда. Жоба жетекшісі биология пәні мұғалімі, магистр Қасымбекова Ақмаржан Ақарысқызы оқушыларға топырақтан тамырдың қалай алынатынын түсіну үшін 9-сынып оқушыларымен бірге өсімдіктің тамыр жүйесіне зерттеу жүргізіп, топырақсыз жасанды ортада қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіріп жатыр. Жоба бойынша алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, күтілетін нәтижеге қол жеткізу басты орында. Іске сәт, жас зерттеушілер! #Білімберудіжаңғыртуорталығы #Гидропоника #Жасзерттеуші #42mektepresmi

Толығырақ

10.10.2021 в 16:16 Пікір жоқ 263 қаралды

АҚ "Сбербанк" ұжымына алғысымызды білдіреміз!

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйек Білім күніне орай АҚ "Сбербанк" ұжымы Нұр-Сұлтан қаласы "№42 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педұжымына сый-сияпат тапсырды. Сбербанк ұжымының оқу-құралдарымен жасақталған сөмкелері көп балалы отбасы балаларына үлестірілді. АҚ "Сбербанк" ұжымына алғысымызды білдіреміз! 💐 03.09.2021

Толығырақ

03.09.2021 в 17:41 Пікір жоқ 318 қаралды

Кел балалар, оқылық!

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы №42 орта мектебінде Білім басқармасының Алматы ауданы білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес 01.09.2021 күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып бүлдіршіндеріне "Кел балалар, оқылық!" тақырыбында салтанатты жиын өтті.

Толығырақ

02.09.2021 в 17:38 Пікір жоқ 199 қаралды

Choose Color