Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

Жаңалықтар

Тоғызыншы мамыр – жеңіс күні

Достар бүгін керемет күн! Жеңіске қолымыз жеткен күні! «Тоғызыншы мамыр» десе Көз алдымда елестейді, Сол бір майдың Сол бір ата-бабам кеткен күн!

Толығырақ

14.05.2014 в 18:06 Пікір жоқ 1148 қаралды

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ , ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы »

Ұлтымыздың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ , ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы » деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.

Толығырақ

08.05.2014 в 20:15 Пікір жоқ 1252 қаралды

9 сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директоры Астана қаласы №62 мектеп-лицейінде өткен кәсіптік бағдар беру бойынша конференцияға барды.

24.05.14ж. күні 9 сынып оқушылары, ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директоры  Астана қаласы №62 мектеп-лицейінде өткен кәсіптік бағдар беру бойынша конференцияға барды.

Толығырақ

28.04.2014 в 18:44 Пікір жоқ 629 қаралды

«Дүниежүзілік кітаптар күніне» орай

   Астана қаласы №42 орта мектебінде 23-сәуір «Дүниежүзілік кітаптар күніне» орай мектеп кітапхана ісінің меңгерушісі Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы «Кітап – біздің досымыз» атты тақырыпта 5-сынып оқушыларымен бірге 1-сынып оқушыларын кітапханаға саяхат жасау мақсатында ұйымдастырып,әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы және кітапхананың мәдени-ағарту,ғылыми көмекші мекеме екендігі жайлы түсіндіру.Кітапханада кітаптарды пайдалану ережелерін сақтауды,сөздік қорын молайтып,өздігінен кітапханада жұмыс жасай білуге,кітап оқуға құмарлығын арттыру.

Толығырақ

28.04.2014 в 18:37 Пікір жоқ 826 қаралды

12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров  1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.

Толығырақ

12.04.2014 в 00:00 Пікір жоқ 615 қаралды

Наурыз құтты болсын!

Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

Толығырақ

20.03.2014 в 00:42 Пікір жоқ 615 қаралды

«Ең дәмді- Наурыз көже» атты отбасылық сайыс

Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 17 наурыз айында ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған «Ең дәмді –Наурыз көже » атты отбасылық сайыс өткізілді. Кешке оқушылар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Сайысқа 2 – 6 сынып оқушылары мен аналары қатысты.

Толығырақ

18.03.2014 в 11:42 Пікір жоқ 1421 қаралды

Choose Color