Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

Ата - аналар жиналысы

Астана қаласы әкімдігінің «42 орта мектебі» КММ 4 қаңтар күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті


Астана қаласы әкімдігінің «42 орта мектебі» КММ 4 қаңтар күні болған мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті 
Жиналысқа барлық сыныптық ата-аналар комитеті төрайымдары, мүшелері қамқоршылық кеңесі, мектеп мұғалімдері барлығы -80 ата-ана қатысты. Күн тәртібінде: 2018-2019 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы бюджеттің жұмсалуы, І-жарты жылдық бойынша оқу-тәрбие жұмысының есебі, білім алушылардың тамақтануы, қамқоршылық кеңесі жұмысының есебі тыңдалды. 
           Жиналысқа қатысушы ата-аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мектеп директоры С.С.Қалиев ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  мектеп басшысы бірінші жарты жылдық бойынша бюджеттің жұмсалуы туралы ақпарат берді. Оқу жылының басынан бастап мектепте  «STEM лабаратория», фитнес зал, жасақталынды, және балалар демалатын орындарға столдар, қыз балалар технологиясына тігін машиналары, ер балалар  технологиясына ағашпен жұмыс жасайтын станоктар алынғандығын таныстырды. Күнделік уақытында толтырылуы үшін сыныптардың компьютерлері WI-FI желісіне қосылды. Жекелеген сыныптарға интерактивті тақта орнатылды. Мектеп бюджетіне бөлінген қаражатты мектеп игілігі, балалардың жан-жақты білім алуына жағдай туғызуға арнап жатырмыз.














Пікір жоқ
428 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 05.01.2019 в 13:30

Choose Color