Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

«Оқушы – Ұстаз – Ата-ана» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні

 25 қаңтар күні № 42 орта мектебінде «Оқушы – Ұстаз – Ата-ана» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті


      Жалпы мектеп бойынша 2018-2019 оқу жылына ағымдағы жоспар бойынша ата-анамен мектеп арасындағы қарым қатынасты жақсарту мақсатында біршама жұмыстар алға қойылған еді, соның бірі мектепте ата-аналарға ашық есік күнін өткізіп мектеп өмірін көрсету. Мақсатымыз ата-аналарға оқушылырдың сапалы білімімен, қамтамасыз ету жағын жеткізу. Ата-анамен мектеп арасындағы қарым қатынасты жақсарту. Мектеп өмірінің қызықтарын ата-аналарға дәріптеу. Жалпы іс-шара өте жоғары деңгейде өтіп ата-аналар балаларының сабақтарына қатысып оқушылардың білім деңгейіне және мұғалімнің жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өткізу түрлерімен таныс болды, одан кейін мектеп спорт залында пән мұғалімдерімен кездесу өтті, одан шыққан ата-аналар мектепшілік Жайдарман ойындарын көру үшін мектеп АКТ залына жайғасты, әділ қазылар алқасына ата-аналар комитетінің төрайымы мен мектепшілік қамқоршылық кеңесінің төрайымы және белгілі жайдарман ойыншылары әділ бағасын берді. Жайдарман ойындары өте жоғары деңгейде өтіп, чемпион болған команданы Республикалық Жайдарман маусымашарына қатыстыру деген ұсыныс ата-аналар тарапына түсті. Ойын аяқталған соң жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтіп ата-аналармен кері байланыс өткізіліп, ата-аналар көкейіндегі сұрақтарды мектеп әкімшілігіне қойып, сұрақтарына дұрыс жауап ести білді. Алдағы уақытта ашық есік күнін жиі өткізу туралы ұсыныс қабылданып, алдағы наурыз айында өткізілетін болды.













Пікір жоқ
374 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 26.01.2019 в 09:17

Choose Color