Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер арасында критериалды бағалауды қолдану арқылы сапалы білім негізін құру»

Астана қаласы №42 орта мектебінде «Қоғамдық-гуманитарлық  пәндер арасында критериалды  бағалауды  қолдану  арқылы  сапалы  білім  негізін  құру» тақырыбында онкүндік жұмыстары жүргізілді.


Астана қаласы әкімдігінің «№42  орта  мектеп» КММ 11.02.19-22.02.19 күндері аралығында «Қоғамдық-гуманитарлық  пәндер арасында критериалды  бағалауды  қолдану  арқылы  сапалы  білім  негізін  құру» тақырыбында онкүндік жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Заман  талабына  сай бәсекеге қабілетті, білімді, еркін ойлай  алатын жеке  тұлғаны  қалыптастыру.11  ақпан  күні  онкүндікті  салтанатты  түрде  ашып, жұмыс  жоспарымен  таныстырылды.

12.02.19  күні  «Сәкен мұражы – тарихи  шежіре». Сәкен  Сейфуллин музейіндегі жинақталған  деректермен әр  сынып  оқушыларымен  таныстырылды.

  

13.02.19 күні«Жазылар естеліктер  мен  туралы» тақырыбында  Мұқағали  Мақатаевтың туғанына  88  жыл  толуына  байланысты ақын жайлы естеліктер мен  ақын  шығармаларын,өлеңдерін,әндері  жайлы  дөңгелек  үстел  өз  мәнінде  өтті.

 

13  ақпан күні орыс  тілі  пәнінен  Бекбаева  Айгуль  Батырболатовна «Берегите воду»  тақырыбында ашық  сабақ  өткізді
14 ақпан  күні  5 «Ә»  сыныбында  қазақ  әдебиеті  пәнінен Кулумбетова  Акжан  Б.Соқпақбаевтың «Менің  атым-Қожа»  повесінен  үзінді. «Сәйбек  қарттың әңгімесі»деген  тақырыпта ашық сабақ  өткізді.

 

14 ақпан
күні.  6«А» сыныбындағы әдебиет пәнінен  Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» сабағынан көріністер.

19  ақпан  күні орыс  тілі  пәнінен  4-сыныпта «Всякий труд полезен»  деген  тақырыпта  А.Қ.Мухамеджанованың ашық  сабағы болып  өтті. 

 
  

20  ақпан  күні   6 Б сыныбында  ағылшын  тілі  пәнінен Шыныбаева  Ырысалды  ашық  сабақ  өткізді. Тақырыбы:  «Weather and climate».

20 ақпан  күні  мектепішілік  ағылшын  пәндері  бойынша  7-10-сыныптар  аралығында  мектепшілік “Time to sing”атты сахналық ән сайысы  өтті.


20  ақпан  күні Қазақстан  тарихы  пәнінен  7 «А» сыныбында Г.Е.Тасбулатова  ашық  сабақ  өткізді. Тақырыбы: XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

  


21 акпан күні Д.Исабеков «Әпке» драмасы бойынша  Турсынбекова Ляйла Раушанбековна  ашық сабақ өткізді. Оқу мақсаты: 8.2.2.1 А/И1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау 


22 ақпан  күні  6 «Б» сыныбында  қазақ  тілі  пәнінен «Күш  атасы-Қажымұқан», Ырықсыз етіс  деген тақырыпта  ашық сабақ  өтті.



 








Пікір жоқ
492 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 23.02.2019 в 13:29

Choose Color