Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

«Айгөлек» өнер сайысы

Әр сыныптан бір ән, бір би билейтін жеке және оқушылар тобы қатыса алатыны алдын ала хабарланды. Жоспарланған шараны Құсайынова А.Т. дайындап, өткізді.


Әр сыныптан бір ән, бір би билейтін жеке және оқушылар тобы қатыса алатыны алдын ала хабарланды. Жоспарланған шараны Құсайынова А.Т. дайындап, өткізді. Сахнаны әсем безендіруге, жалпы шараның өз деңгейінде өтуіне сынып жетекшілер көп тер төкті. Әр сыныптан ән айтатын,би билейтін оқушыларды әр сынып жетекші өзі іріктеп алып, дайындады. Кезекті анықтау үшін жеребе тасталып, оқушыларға номер таратылды. Сайыскерлердің өнерін бағалайтын қазылар алқасы тағайындалды. Іс-шараны дайындаған мұғалім аса жауапкершілік танытты. Жүргізушілерді, іс-шараның бағдарламасын әзірлеген.
 
Бекітілген жоспарға сай мектептің акт залында онкүндіктің жабылуы бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты түрде болды. Онкүндік аясында өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, алғыс жарияланды.

«Көңілді стартта»:

І-орын- 4 «Б» сыныбының «Жалын» тобы;

ІІ-орын- 3 «А» сыныбының «Жерұйық» тобы;

ІІ-орын -4 «А» сыныбының «Сұңқар» тобы;

ІІІ-орын -3 «Б» сыныбының «Жасқыран» тобы;

«Жаса, жайна, Қазақстан!» көркем сөз сайысында:

І-орын -Ақшал А 2 «А» сыныбы;

ІІ-орын -Ильясова К 2 «А» сыныбы;

ІІІ-орын -Жүніс К 1 «Б» сыныбы;

Мақтау қағазымен- Қожабаева А 3 «А» сынып, Ернар Е 3 «Б» сынып, Айварұлы А 1 «А» сынып, Қойшыбай А 2 «Б» сынып оқушылары марапатталды;

«Айгөлек» өнер сайысында:

Би номинациясы бойынша:

І-орын – «Айналайын» тобы 2 «А» сыныбы;

ІІ-орын – «Балбырауын» тобы 4 «А» сыныбы;

ІІІ-орын – Ашкей А 4 «Б» сыныбы;

Ән номинациясы бойынша:

І-орын – Айварұлы А 1 «А» сыныбы;

ІІ-орын – Ерсұлтан М 3 «Б» сыныбы;

ІІІ-орын – Рымбекова А   4 «А» сыныбы;

Мақтау қағазымен: «Балауса» әншілер тобы 3 «А» сыныбы, «Әнші балапан» әншілер тобы 1 «Б» сыныбы, Өсербай Ә 3 «Б» сыныбының оқушылары марапатталды.

«Елімнің ақордасы - Астана» сурет сайысында:

І-орын – Тұрсынбай А 2 «А» сыныбы;

ІІ-орын – Бахытбек Ж 2 «А» сыныбы;

ІІІ- орын – Сапар Ғ 2 «А» сыныбы;

Мақтау қағазымен – Шакиров Ж 2 «Б» сыныбы, Қабыкенов Н 3 «Б» сыныбы және «Үздік газет» номинациясы бойынша 4 «А» сыныбы марапатталды.

         Мектеп әкімшілігі тарапынан онкүндіктің өткізілуі барысында белсенділік көрсеткен, ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарды өз деңгейінде өткізіп, жас мамандарға тәлім бере білген ұстаздар- Құрманғалиева Б.Қ, Жиенбаева Ж.О, Жалғасбек Э.Ж, Ақшалова Б.С, Нұрпейісова М.Е марапатталып, алғыс жарияланды.


Пікір жоқ
931 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 14.02.2014 в 00:00

Choose Color