Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі

+7 (7172) 24 84 05

8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне құттықтау!

Көктемнің исі көкіректі ашатын, көңілдерге қуаныш ұялататын мереке басталып кетті.
    Соның бастапқысы 8-наурыз «Халықаралық әйелдер» күні. Барша арулар мен ақ жаулықты аналар жарқын күндеріміздің себепкері болсын деп шын жүректен тілек білдіреміз!

    Нұрбақыт Мұхамеджанұлының нәзік жандарға арналған мына өлеңін тарту етейік!

                        ӘЙЕЛ
    Әсем әуен әйел деген ат қандай!?
    Астарында алапат күн жатқандай.
    Айсұлулар, Ақботалар …..Ақмаңдай,
    Ажарынан алтын нұр –таң атқандай.

    Күн нұрынан жандарына нәр алған,
    Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан.
    Әйел-аққу айдындарда таранған,
    Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

    Әйел-сыры таусылмайтын сыр еді,
    Әйел-Ана тіршіліктің тірегі.
    Ана, Ана! Ана жердің жүрегі,
    Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді.

                                                                                Ізгі тілекпен: мектеп әкімшілігі

Пікір жоқ
906 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 06.03.2014 в 00:00

Choose Color