Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

"Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған"

📒📝🖊️
Бүгін Нұр- Сұлтан қаласы, #42 орта мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің " Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған" атты онкүндігінің ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті


Мақсаты: Білім беру үдерісінде оқудың озық технологияларын жаңа педагогикалық АКТ-ның мүмкіндіктерін меңгере отырып, бәсекеге қабілетті, білім деңгейі жоғары, ізденушілік-зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Онкүндіктің ашылу салтанатына МАД тобы, 1,3 сынып оқушылары тәрбиелік мәні керемет қойылымдар қойып, ән айтты. Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті - бастауыш екенін бәріміз білеміз. Бастауыш мектеп баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оны тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамудың қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты.
Салтанатты кешке қатысқан мектеп әкімшілігі ұстаздар мен оқушылар дайындығы, залдың безендірілуі, оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, жоспар жүйелі, ұйымдастырушылықтары шебер деген баға беріп, ӘБ жетекшісі Жайнагүл Амангелдіқызы және бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыс білдірді Онкүндік сабақтары мен іс-шараларына әріптестер, жас мамандар қатысып, кері байланыс жасасын деген ұсыныс айтылды. СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!✊










Пікір жоқ
277 қаралды
Санаты: Мәдениет
Авторы: 42mektep
Қосылды: 31.01.2022 в 09:44

Choose Color