Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

Әр құсқа ұя сыйлау


Әр құсқа ұя сыйлау ( Сілтемені басыңыз )

2022 жылдың 28 сәуірінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және ҚР Ақпарат және Қазақстан министрлігінің қолдауымен «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында «Қазақстанның экологиялық қоры» Қоғамдық қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы №42, 43 және 44 мектептерінде «Әр құсқа ұя сыйлайық» акциясын өткізді. Акция балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту және оның тұрғындарына ұқыпты және жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар шығармашылық және практикалық ағаш өңдеу әрекеттерін дамытуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Ол үшін бейнелеу өнері сабақтарында мұғалімдер алдын-ала оқушыларға ұя жасауды тапсырды. Бастауыш сынып оқушылары үйде ата-аналарымен, аға буын өкілдерімен бірге жұмыс жасады. Акция күні мектеп директорларымен, сынып жетекшілерімен, еңбек мұғалімімен және ұйымдастыушылардың қатысуымен бірлесе отырып, оқушылар дайындаған ұяларды мектеп аумағына ілді. Барлығы 80-ге жуық ұя жасалды. «Мұндай іс-шаралар балаларда экологиялық мәдениет элементтерін, табиғатта экологиялық сауатты мінез-құлық, флора мен фаунаға байланысты адамгершілік қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Сондай-ақ, мұндай шаралар отбасының ынтымағына септігін тигізетінін айта кеткен жөн», - деді «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ президенті Айгүл Әбдуалиева


Пікір жоқ
179 қаралды
Санаты: Мәдениет
Авторы: 42mektep
Қосылды: 12.05.2022 в 13:29

Choose Color