Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

«Құндылыққа негізделген білім беру»


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.05.2022ж. күні «Құндылыққа негізделген білім беру» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДОІЖО Ләйла Раушанбекқызы 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, оқушылардың жыл бойында жеткен жетістіктері, ҰБТ, қорытынды аттестаттау, «Жазғы мектеп» жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып өтті. “Шәкірт жетістігі – ұстаз мақтанышы” айдарымен қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары болған мектеп мақтаныштарының жетістіктері туралы ата-аналарға алғыс білдірді.
26.05-17.06.2022ж. күндер аралығында «Жазғы мектеп» жұмыс жоспарымен таныстырды. Үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу бойынша 1-8,10 сыныптағы оқушыларына (9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша) білім берілетінін айтып өтті. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді. «Жазғы лагерь-2022" маусымын ұйымдастыру, өткізу, бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ата-аналарға кеңестер берілді. Ата-аналарды топқа біріктіру арқылы «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты парызымыз!» тақырыбында балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ата-аналарға кеңестер берілді.
Білім беру ұйымының бюджеттік қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы мектеп басшысы Меруерт Әбітайқызы 2022 жыл қаңтар айынан бері мектепте қаражаттың игерілуі, қаржыландыру жоспарының жүзеге асуы туралы баяндады.
Үшінші мәселе бойынша балалардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын жақсарту,(кибербуллинг және суицидтің алдын алу) мәселесі бойынша мектеп психологы Гүлнұр Қадыржанқызы ата-аналарға кибербуллингтің бала өміріне тигізер зардабы туралы бейнебаянмен толық ақпарат беріп, балалардың қауіпсіздігін басты назарға алу туралы ескертті.
Ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытудағы бала тәрбиесінің отбасында алатын орны ерекше екенін мектеп басшысы айтып, кері байланыс жасады.


Пікір жоқ
112 қаралды
Санаты: Білім
Авторы: 42mektep
Қосылды: 21.05.2022 в 10:19

Choose Color