Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 24 84 05

ХАБАРЛАНДЫРУ


      Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық әкімдігіне қарасты Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс 6/2 көшесінде орналасқан      «№42 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қамқоршылық кеңестің төрайымының өз бастамасымен жұмысын тоқтату және қайта сайлау туралы.

⚜️ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген  «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» талаптары бойынша қамқоршылық кеңестің талапқа сай құрылуын қамтамасыз ету, қамқоршылық кеңестің өкілеттігін жүйелеу мақсатында Қағидаттың Қағидаттың 5-тарау, 31-тармағы 1) тармақшасына (қамқоршылық кеңестің мүшесінің өз бастамасы бойынша) сәйкес №42 орта мектебінде ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ төрайымы Султангазина Гульмира Шегендикқызының ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ төрайымы жұмысы (өз бастамасымен) 2022 жылдың 10 тамызынан бастап тоқтатылады.

 

⚜️ ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі N355 бұйрығының 2-тарауы 5, 6, 7, 8, 9-тармақтарына сәйкес 2022-2023 оқу жылына мектептің “Қамқоршылық кеңесі төрайымын” қайта сайлау үшін 2022 жылы 10 тамызынан бастап 10 жұмыс күні ішінде қамқоршылық кеңестің мүшелігіне үміткерлерден жазбаша түрде ұсыныс/өтініштер қабылданады.

 

❇️ Қамқоршылық кеңесінің төрайымының өз бастамасымен бас тартуына байланысты, Қамқоршылық кеңес төрйымы (төрағасы) мүшесі болуға үміткерлер жазбаша келісімін мектеп хатшысына ұсынады.

❇️ Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

  1. Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
  4. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
  5. Қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

 

Мектепте құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

 

❇️ Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кірмейді.

 

❇️ Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

 

❇️ Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

⁉️ Қосымша ақпараттар мен сұрақтарға жауап алу үшін жауапты мамандарға хабарласыңыз.

Байланыс телефондары: +7 707 990 05 25

 

 


Пікір жоқ
145 қаралды
Санаты: Білім
Авторы: 42mektep
Қосылды: 24.08.2022 в 15:45

Choose Color