Астана қаласы №42 орта мектебінде 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп кітапхана ісінің меңгерушісі Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы және 6«Б» сынып жетекшісі Разақова Айгүл Күмісбекқызының ұйымдастыруымен «Мың жаса,Тәуелсіз қазақ елі» атты тақырыпта әдеби кеш өтті.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол – Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай, кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз,оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз. Тарих үшін қас-қағымдық қана сәт 23 жылда 23 ғасырға жүк болатын асулардан асқан Тәуелсіз Қазақстанның шежіресіне алтын әріптермен жазылар айтулы оқиғалар аз емес.Сондай тарихи күннің көшін 1991 жылдың 16 желтоқсаны бастап тұр.Бұл ел тарихындағы ең бақытты күн,құтты күн.Сол күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңына қол қойды.Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыл арман орындалды.Өмірге ТәуелсізҚазақ Елі келді.
Көк байрағың биіктеп,арманыңа жет,Алашым
Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары
«Білім – өмір шырағы»
Мерекелік кеште оқушылар: Қазақ халқының бір ғана шаңырағы,бір ғана ұлы мекені,бір ғана Отаны бар.Ол - Қазақ Елі, Қазақ Даласы, Қазақ Жері екенін мақтанышпен айтып,өз өнерлерін сахна төрінде паш етті.Біз Тәуелсіздік тірегіміз.Біз оған тәртібімізбен,сапалы білімімізбен,жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.