Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015»

«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015»

№42  орта мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын

Өтетін күні : 25 мамыр2015 жыл

Өтетін уақыты : сағат 10.00

Өтетін орны : мектеп алаңы

Безендірілуі: ортада үлкен қоңырау, мектепке кіре беріс жерінің екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.


«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2015»

№42  орта мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын

Өтетін күні : 25 мамыр2015 жыл

Өтетін уақыты : сағат 10.00

Өтетін орны : мектеп алаңы

Безендірілуі: ортада үлкен қоңырау, мектепке кіре беріс жерінің екі жақ бөлігін шармен өрнектеп қосу.

1-жүргізуші:       Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 

2-жүргізуші:       Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

 

1-жүргізуші:       Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

 Қош келдің, айналайын, халқым менің!

 

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші:   Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

              Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

     Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

             Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

 

- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар! (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады) Алдарыңызда 11А сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Байқұлова Майра Байбараққызы. Сыныпта 19 оқушы.

Олар:

  1. Айманбетова Алина
  2. Әукешова Аяужан
  3. Батырмажинов Еламан
  4. Дүкенбаева Айжан - Алтын белгіге  үміткер
  5. Жолдаспеков Аян
  6. Жайлау Айбек
  7. Жұмағатов Олжас
  8. Ишмухамбетов Құралбай
  9. Орынбасар Ерзат
  10. Оразымбетов Жанкелді
  11. Оразалы Абзал
  12. Оразбек Ақпері
  13. Рахметқалиев Бахытжан
  14. Сипатов Асылмұрат
  15. Сейтханов Алмаз
  16. Сейтханов Алмат
  17. Тоғаев Жасұлан
  18. Шалдыбаев Нұрбол
  19. Шибучикова Аида

2-жүргізуші: 2014-2015 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

АӘД мұғалімі Сапаров Айдос:

-Мектеп , түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортаға әкелінсін!(фанфар ойналады. Туды алып келеді).

1-жүргізуші:         Батырлыққа уызынан жарыған

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

 

2-жүргізуші:      Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

 

1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр: Бұл жыл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудан өтіп Президенттікке қайта сайланған жыл. Қазақ хандығының  құрылғанына 550 жыл. Ұлы Жеңіске 70жыл.

 2-жүргізуші:     Ажырамай мектептен бір елі сіз,

 Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

 Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

 - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Қалиев Серік Сабырбекұлына беріледі.

1-жүргізуші:      Жақсы ғой бата алған ағалардан,

                            Жол көрсеткен ақ ниет даналардан.

Ақ тілегін білдірсін жас ұрпаққа,

Шарықтасын, өшпесін саналардан.

 - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы

 1. «Астана Дарыны»өңірлік ғылыми-практикалық орталығы МКҚК интелектуалдық сайыстар зертханасының әдіскері Медет Дүйсенбайұлына сөз береміз.

 

 2-жүргізуші:

–Ән. «Қош бол, мектеп». Орындайтын 11А сыныбының қыздар тобы. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

-Оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары  Әділ Шораұлы  таныстырады.

2014-2015 оқу жылында мектепті үздік бітірген оқушылар:

 (1-11 сыныптар тізімі)

 

1-жүргізуші:       

  1. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан 11 сынып оқушыларынын ата -аналар комитетінің төрайымы  Уанбаева Жанар Оралбекқызына сөз  беріледі.

 

                            2.Жақсы шәкірт азамат атанады,

                              Халқынан ата-анадан бата алады.

                            Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ақжаулықты ананы

 Алтын белгіге үміткер Дүкенбаева Айжанның әжесі Қазыбекова Орынкүл Абатқызына  сөз беріледі.

 

 

1-жүргізуші: Келесі  сөз кезегі 11 сынып оқушысы Алтын белгіге үміткер Дүкенбаева Айжанға беріледі.

 

 

2-жүргізуші:      Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады,

(Фанфар ойналады, ортаға 11 сынып оқушылары шығып, 10 сынып оқушыларына Алтын кілтті тапсырады)

 

11-сынып оқушысы.    Білімді құйып саналы,

Шәкірт болдындар білікті.

Орнымызды басар деп,

Тапсырамыз алтын кілтті!

 

10 -сынып оқушысы:   Біз барлық үмітті ақтауға,

                                      Ұлт намысын сақтауға,

Ел тұғырын ұстауға,

Мектебіміздің мәртебесін көтеруге

(бірге) АНТ етеміз

 

 2-жүргізуші:     Абзал жандар биік тұлға байсалды,

                            Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

 

11сынып оқушысы:     Рахмет бүлдіршіндер сендерге,

Тілекті білдірдіндер мына бізге.

Естелік болсын бізден сендерге деп,

Тапсырамыз сыйлықты өздеріңе

 

(1-сынып  жетекшілеріне сыйлықтарын тапсырады)

 

1-жүргізуші: 11 сынып оқушыларынын орындауындағы вальс- флэшмоб

 

(Түлектер хор айтады. Ортада тұрған қоңыраудан гель шарлары аспанға ұшырылады)

2-жүргізуші:  Қазақстан Респубикасының Мемлекеттік туы әкетілсін!

 

1-жүргізуші: Соңғы қоңырау. Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

                                           Гүлдерге толы омырау,

                                           Өмірде жоқ қой тоқырау.

                                           Қимастық сезім оятып,

                                           Соғылсын соңғы қоңырау.

2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Шалдыбаев Нұрбол мен Әукешова Аяжанға тапсырылады. /Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/

1-жүргізуші:                Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.

 

 2-Жүргізуші: Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.                                      Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

                                      Құлақтан үнің кетпестей,

Соғылсын, соңғы қоңырау,

                                      Соғылсын, соңғы қоңырау!

 

1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн. «Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

1-жүргізуші: Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау болыңыздар.









Пікір жоқ
2089 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 28.05.2015 в 00:02

Choose Color