Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Ал тәуелсіздік күні - еліміздің барлық азаматы үшін орны ерекше мереке.
Әдеби кештің басында оқушылар назарына бейнетаспадан «Елім-ай» көрінісі ұсынылды. Мәжіліс залында отырған әр оқушы бейнетаспаға зер сала қарап, тарихтан танысқан ата-бабаларымыздың басынан өткерген қилы заманын еске алды. Тарихты білу – парыз. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Байтұрсынов, Дулатов, Бөкейханов, Бірі – күн, бірі – жұлдыз, бірі – айым. Кешегі қара күні осылар ғой, Халық үшін шам қылған жүрек майын» - деп жырлағандай, ұлтына адал қызмет еткен Алаш арыстары қазақты қайтсек қатарға қосамыз, азаттығын алып беріп, тұғырын баянды етеміз деп жандары қалмай арпалысты. Асылдарымыздың сөздерін бойына сіңіріп өскен оқушылар Алаш арыстарының бас қосқан отырысынан әсерлі көрініс қойды.Көк туымыз көгімізде желбірей берсін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.