Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

Сырлы жеңге, сұлу қыз

Астана қаласы №42 орта мектебінде 08.04.2017ж.күні «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты қыздар мен жеңгелер арасында сырласу кеші болып өтті.

           Мақсаты:  Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым-қатынасты нығайту.


      Астана қаласы №42 орта мектебінде 08.04.2017ж.күні «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты қыздар мен жеңгелер арасында сырласу кеші болып өтті.


           Мақсаты:  Жеңге мен қайынсіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

      Тәрбиелігі: Ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Қыз баланы үлкен өмірге дайындау. Қиындықты жеңе білуге үйрету, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
      Халқымыз «қыз-қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан дүниесі нәзік, сырға толы. Отбасында қыз тәрбиесінің басы-қасында анасынан соң аяулы жеңгесі жүретін. Осылайша жеңге мен қайынсіңлі арасында өзара сыйластықты, қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Ақбаян» қыздар ұйымының төрайымы Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы сырласу кешін өткізді.


«Кел, танысайық» танысу тренингі


«Имандылық» әлеміне саяхат

Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері болашақ бір отбасының келіні, ертеңгі еріне адал жар, балаларының аяулы анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Асыл әжелер, аяулы аналар, сыбызғыдай сызылған сұлу жеңгелер, қырмызы қыздар

Жеңгелер-ай, сызылған сыбызғыдай
Сыйластықты жүретін біліп ұдай
Сырлы жеңге, сұлу қыздар сырласайық
Тамсандырып көпшілікті қылығына-ай!

        Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп  шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін, салт-дәстүрін қадірлейтін қыздардан үлгілі ана шығады деп айта аламын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін.
      «Сырлы жеңге, сұлу қыз» атты  сырласу кешіне келген қонақтар ой-пікірлерін ортаға салып, жалпы мұндай сырласу кештері жиі болып тұрса екен, - деп тарқасты көпшілік тәрбие нәрімен  сусындағандарын жасыра алмастан.

 


Пікір жоқ
2024 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 12.04.2017 в 00:00

Choose Color