Биылғы 2016-2017 оқу жылының қаңтар айынан бастап мектепте әкелерге арналған кеңес құрылды. Сол кеңестің жоспарына сай №42 орта мектебінің сәуір айының 22-жұлдызында «Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық әлеуметтік жауапкершілікті, рухани адамгершілікті қалыптастыруда әкелер ролінің өзектілігі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді.
Биылғы 2016-2017 оқу жылының қаңтар айынан бастап мектепте әкелерге арналған кеңес құрылды. Сол кеңестің жоспарына сай №42 орта мектебінің сәуір айының 22-жұлдызында «Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық әлеуметтік жауапкершілікті, рухани адамгершілікті қалыптастыруда әкелер ролінің өзектілігі» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Форум бағдарламасында белгіленген іс-шаралар уақытымен атқарылды.
- Қонаққа келген әкелерді тіркеу 9:00 ден басталды.
- 9:30 да «Менің әкеммен өткізген қызықты сәттерім» көрмесімен таныстыру жүргізілді.
- Мектеп психологі 9:40-та «Кел танысайық» тренингі өткізілді.
- «Бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігі қалай?» Меңдесбаева Г.У.
- Өскелең ұрпақтың бойында азаматтық әлеуметтік жауапкершілікті, рухани адамгершілікті қалыптастыруда әкелер ролінің өзектілігі» Шамұратова Р.Ш.
- Қорытындысын жасау. Сертификаттарды табыс ету.



