Мектебімізде 2017 жылдың 6 желтоқсан күні «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асырылуы » тақырыбында желілік қоғамдастықтағы мектептер арасында қалалық семинар өтті.
Мектебімізде 2017 жылдың 6 желтоқсан күні «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асырылуы » тақырыбында желілік қоғамдастықтағы мектептер арасында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында, мектеп директоры Калиев Серик Сабырбекұлы өз алғы сөзінде:
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басып жатқандығы туралы айтып өтті.Мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін,белсенді жұмыс істейтін желілік қоғамдастық құрудың маңызы - бүгінгі заманауи қоғамда күннен күнге артып отырғандығына тоқталды.Семинарға қатысушыларға жылы лебізін айта отырып, семинардың сәтті өтуіне тілектес екенін жеткізді.
ДҒӘІЖ орынбасары: Мендесбаева Г.Ж
«Мектептегі жаңа білім мазмұнына сай әдістемелік жұмыстың жүргізілуі» тақырыбында таныстырылым жасады. Г.Жайлаубековна білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған міндеттерге сай, мұғалім әдістемесін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастырып жатқандығы туралы баяндады.
Семинардың ашылуында музыка пәні мұғалімі Алиаскаров М.М ұйымдастыруымен мектеп оқушылары өнер көрсетті.
Семинарға Назарбаев Зияткерлік мектебінен тренер Фарида Үмітжанқызы қатысты.