№42 орта мектебінде 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік елдің -мәңгілік тілі» іс-шара өтті
№42 орта мектебінде 22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік елдің -мәңгілік тілі» атты тақырыпта іс-шара өтілді."Үш тұғырлы тіл - заман талабы" тақырыбында «Қызықты үзіліс» қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен түрлі, қызықты тапсырмалар берілді. Сабақ арасындағы үзілісте мектеп оқушылары тілге байланысты мақал-мәтелдердің сыңарын тауып, құрастырды. Тілдер апталығындағы «Қызықты үзіліс» оқушылар үшін өте қызық әрі көңілді болды. Орыс тілі мен ағылшын тілдерінен де сканворд, чайнворд шешу, қызықты тапсырмалар орындаудан оқушылар асқан қызығушылық танытты. 5,6,7-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінен грамматикаға байланысты түрлі тапсырмалар болды. Тілдер мерекесіне арналған орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға біздің оқушылар белсене қатысты.
«Ұлттарды біріктірген -ұлы тіл» сурет көрмесі, «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» атты мақалалар сайысында орыс тілінде мақала жазудан «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты мәнерлеп оқу сайысын да өнер көрсеткен оқушылар марапатталды. Келесі күні оқушылар радиодан қазақтың ақын-жазушыларының тілге байланысты өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
«Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты тақырыпта тәрбие ісінің меңгерушісі Шамуратова Р.Ш. сайыс өткізді. Оқушылардың білімдік деңгейлерін байқау, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып сайыс өте тартымды өтті. «Тілім-тірлігімнің айғағы» атты кітапханада Башаева Сауле кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Жас қалам» жас ақындар үйірмесінің тұсаукесері, «Мәңгілік елдің -мәңгілік тілі» атты тақырыпта мерекелік кеш өтілді. Кеш соңында Тілдер апталығында жақсы атсалысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды.