Астана қаласы №42 орта мектебінде 4-11 қазан Халықаралық қыздар күніне байланысты «АҚБАЯН» қыздар ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік онкүндік іс-шара болды.
Халықаралық қыздар күніне байланысты мектебіміздің «АҚБАЯН» қыздар ұйымының төрайымы ТҰРСЫНБЕКОВА ЛӘЙЛА РАУШАНБЕКҚЫЗЫ аталған онкүндікке байланысты мектепішілік іс-шара жоспарын жасап, бекітті. Мақсаты: Қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Осы мақсаттарды негізге ала отырып әр күнге арнайы жұмыс жоспары жасалып, өз уақытында талапқа сай жүргізіліп отырды. Онкүндік шеңберінде қыздардың білім, медициналық, психолог мамандардың ақысыз кеңес беруі ұйымдастырылды.
08.10.2018ж.күні «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыпта онкүндіктің ашылуы болып өтті. Салтанатты жиынға «АҚБАЯН» қыздар ұйымының төрайымы ТҰРСЫНБЕКОВА ЛӘЙЛА РАУШАНБЕКҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен 5-11 сынып қыз балалары мен сынып жетекшілер, мектеп психологы, мейірбике және ДТІЖО Шамуратова Рысжан Шерниязқызы қатысты. Жоспар бойынша «Ақылды қыз – білімге жүгірер» тақырыбы бойынша арнайы сұрақтар мен жағдаяттар туралы айтылып, қыз тәрбиесіне байланысты бейнероликтер көрсетілді.
09.10.2018ж. күні «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыпта түрлі тыйым сөздер мен қазақ халқының ырым-тыйымдары туралы айтылды. Сонымен қатар, мектеп психологы Жунусова Гульнур Кадыржановна «Қазақ қызына таң қаламын...» тақырыбында қыз балаларға арнап тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: Қазақ қыздарына тән сыпайылық пен биязылықты, мәдениеттілік пен имандылықты дәріптеу. Қыз балалар соңында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін бірге айтып, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.




Пікір жоқ
988 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 09.10.2018 в 10:53