11 қазан күні «Бұрымды қыз» акциясы ұйымдастырылды
11 қазан күні «Бұрымды қыз» акциясы ұйымдастырылды. Қазақ халқы ежелден-ақ шашқа ерекше күтім жасап, қыз балалардың шашын «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», – деп жырға қосқан. "Қыздың көркі - шаш, шаштың көркі - шаштеңге" демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киесі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Ал бүгінгі күні қыздың көркі – шаш деген сөзді басқа ұғымдармен алмастырып алғандаймыз. Осы айтылған сөзді жою мақсатында «Ақбаян» қыздар ұйымы «Бұрымды қыз» акциясы бойынша сайыс жариялады. Бұл күні ару қыздарымыз шашты асқан ұқыптылықпен, әсемдікпен өріп, сұлу жүзді бейнесімен нағыз қазақ қызының бейнесін танытты.