12 қазан күні жоспар бойынша «Он саусақтан өнер тамған шеберміз...» атты тақырыпта шебер-сынып жүргізілді.
12 қазан күні жоспар бойынша «Он саусақтан өнер тамған шеберміз...» атты тақырыпта шебер-сынып жүргізілді. «Шеберлінің қолы-алтын» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. «Қол өнер – мол өнер» демекші, 5-7 сынып қыз балаларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, технология пәнінің жоғары санатты мұғалімі Шамуратова Рысжан Шерниязқызы фетр матасынан түрлі әсем бұйымдар жасаудың жолдарын үйретті. Ару қыздарымыз ерекше қызығушылық танытты.