12 қазан күні «Қазіргі заманда қазақ қыздарын тәрбиелеу» тақырыбында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызымен кездесуге барып қайтты.
Бұл күні Рысжан Шерниязқызының бастамасымен «АҚБАЯН» қыздар ұйымының төрайымы Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы және ару қыздар қаламыздағы «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық институтына «Қазіргі заманда қазақ қыздарын тәрбиелеу» тақырыбында белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызымен кездесуге барып қайттық. Кездесуде Ләйлә Сұлтанқызы интерактивті тәсілмен қыз тәрбиесіне қатысты көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестер айтып, сұрақ-жауап айдарында сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жоғары санатты психолог Венера Тельжан «Интимдік гигиена» тақырыбында да дәріс жүргізді. Мұндай тақырыптағы дәрістер мен пайдалы кеңестер жасөспірім қыздарға әрдайым керек-ақ...
Қыздарымыз көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарды қойды, қыздарға қатысты ақыл-кеңестер мен қажетті дүниелер айтылды. Келешек жас буын қыздарымыз еліміз қадірлейтін тұлғалармен кездесіп, өздеріне үлгі тұтса, өмірінде жүзеге асырса нұр үстіне нұр. Бұл кешке келген қыздарымыз ерекше сезімде болып, көтеріңкі көңіл-күйде алғыстарын айтты.


Пікір жоқ
537 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 12.10.2018 в 12:12