18 қазан күні «Әжемнің айтқан ақылы» (қыздарға өсиет) атты тақырыпта асыл әжелеріміздің қыз тәрбиесіне қатысты ырым-тыйымдар, ақыл-кеңестер, оның ішінде ар мәселесі жайында, қыздарымызды бірге қорғаймыз туралы құнды пікірлер айтты.
18 қазан күні «Әжемнің айтқан ақылы» (қыздарға өсиет) атты тақырыпта асыл әжелеріміздің қыз тәрбиесіне қатысты ырым-тыйымдар, ақыл-кеңестер, оның ішінде ар мәселесі жайында, қыздарымызды бірге қорғаймыз туралы құнды пікірлер айтты. Біздің мақсатымыз: «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басымдықтарды оқушылардың бойына сіңіре отырып, қыз тәрбиесіне қатысты ырым-тыйымдар арқылы қыздардың бойына жауапкершілік пен ізеттілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру. Асыл әжелеріміз қыздарға басынан өткен оқиғалар мен ақыл-кеңестерін, ырым-тыйымдарды, ой-пікірлерін айтты. Нәтижесінде, іс-шараға қатысқан қыздардың болашақ өміріне мол азық беретін пайдалы кеңестерді өз қоржындарына салды деген ойдамыз. Кеш соңында әжелер осындай тәлім-тәрбиеге толы кездесулер жиі-жиі болып тұрса екен деген ұсыныс айтып, тарқасты.
Қазақ халқы отбасында қыздың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Үкілеп төрге отырғызып, қыз-қыдыр деп есептеген. Қазір де солай ма? «Қызым – үйде, қылығы – түзде». Бүгінгі жаhандану заманында ақпараттық ағынның толассыз толқыны бәріне әсерін тигізуде. Сондықтан қыз баланың тәрбиесіне ең алдымен отбасы жауапты.


Пікір жоқ
775 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 18.10.2018 в 16:30