19 қазан күні Халықаралық қыздар күніне байланысты «Ақбаян» қыздар ұйымының төрайымы Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы жасаған жоспары бойынша онкүндіктің қорытынды күні өтті.
19 қазан күні «Ақбаян» қыздар ұйымының төрайымы Тұрсынбекова Ләйла Раушанбекқызы Халықаралық қыздар күніне байланысты жасаған жоспары бойынша онкүндіктің қорытынды күні. Бұл күнді «Рефлексия алаңы» деп аталды. Мектебіміздің ару қыздарымен бірге он күн бойы маңызды түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіп, арнайы мамандармен тікелей жұмыс жасап, көкейде жүрген сұрақтардың жауабын тапты. Бұған дәлел: бүгінгі қорытынды кеште қыздарымыз көтеріңкі көңіл-күйде позитивті пікірлерін қыздар ортасында ашық айтты. Сонымен қатар, осы онкүндіктің ішінде әжелермен бірге ұйымдастырылған дөңгелек үстел, белгілі журналист Ләйла Сұлтанқызымен кездесу, мектебіміздің психологы Гүлнұр Қадыржанқызы мен жоғары санатты психолог Венера Тельжанның жүргізген тренингтері мен «Интимдік гигиена» туралы айтқан кеңестері өте қатты ұнағандығын айтты. Осы онкүндіктің әсерінен кейбір қыздардың мектептегі тәртібі біршама түзеліп, жүріс-тұрысында ерекше бір қыздың бойына тән биязылық пен парасаттылықтың, адамгершіліктің лебі сезіліп келе жатқандығын да жеткізді. Бұл қорытынды кештің соңында қыздардың өз ойлары мен ұсыныстарын, алғыстарын түрлі-түсті қағаздарға жазып, өздері қалаған смайликтерге қойып шықты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында халықаралық қыздар күніне байланысты өтілген онкүндіктің «Бұрымды қыз» сайысында І орынды 5«А», ІІ орынды 6«А» және 5«Б», ІІІ орынды 8«А», 8 «Б» сынып қыздары мен сынып жетекшілері марапатталды. Сонымен қатар осы онкүндікте басқа да іс-шараларға белсене қатысқан сынып қыздары мен сынып жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды.
Халықаралық қыздар күніне байланысты өтілген барлық іс-шаралар өз мақсатына жетті. Біз «АҚБАЯН» қыздар ұйымы қыз тәрбиесіне жіті назар аударып, ұлттық тәрбиенің негізінде алдағы күндерде барлық іс-шараларды жандандырамыз!



Халықаралық қыздар күніне байланысты өтілген барлық іс-шаралар өз мақсатына жетті. Біз «АҚБАЯН» қыздар ұйымы қыз тәрбиесіне жіті назар аударып, ұлттық тәрбиенің негізінде алдағы күндерде барлық іс-шараларды жандандырамыз!



Пікір жоқ
623 қаралды
Авторы: 42mektep
Қосылды: 19.10.2018 в 16:49