Меню KDT

logo.jpg?_=1701936481
Астана қаласы №42 орта мектебі


+7 (7172) 65 14 23

Кәсіптік бағыт-бағдар беру

Ата-аналарға кеңес

(отбасылық оқу сауаттылығы жүйесі бойынша)

Ата-аналар, «Балалар кітап оқымайды» деп кінә тағудан гөрі, баламен бірлесе кітап оқу арқылы оның ғажайып әлемінің сырына үңілуіне жәрдем беріңіздер. «Қалауын тапса қар жанар» деген халық мәтелі ақиқат екені даусыз. 

·     Үйіңізде баланың ақыл–ойын дамытатын энциклопедия, тілін дамытатын сөздіктер болсын.

·     Керекті жерінде ол кітаптарды баламен пайдаланыңыз.

·     Атақты адамдар, ақын – жазушылар жайлы қызықты оқиғаларды айтып әңгіме етіңіз.

·     Балаңыздың туылған күніне кітап сыйлаңыз.

·     Өзіңізге ұнаған нақыл, ақыл сөздерді қойын дәптеріңізге жазып, балаңызға көрсетіңіз.

·     Кітапты баламен бірге оқып, пікіріңізді айтып, сырласыңыз.

·     Белгілі бір оқыған кітап немесе кейіпкер жайлы баланың көзқарасы мен пікіріне құрметпен қараңыз.

·     Балаңыздың тілінің, ойының сөйлеуінің дамуына, адамгершілік қасиетіне, адамдармен дұрыс қарым – қатынасына әсер етіңіз.

·     Бала өзі оқыған кітабынан өзіне ұнаған нақыл сөз немесе цитаталарды қойын дәптеріне жазып алсын.

·     Кітап сатып аларда баламен кеңесіңіз.

·     Кітап оқиғасын бейнелейтін фильмдерді бірге көріп, талдап, кітаппен салыстыру қажет.

·     Кітап, жазушы, ақын немесе кейіпкер жайлы пайда болған пікір сайыстың өзін баланың ой дамуына бағыттаңыз.

·     Оқыған шығарманың негізгі идеясын түсінуге, тәрбиелік мәнінің негізі мен философиясын табуға жәрдем беріңіз.

·     Оқу кезінде өзіне қатты ұнаған жерінің суретін салып, бірлесе әңгімелеуге, сипаттауға болады.

·     Қызығушылығын арттыру мақсатында, ары қарай не болатынын болжап оқыту тиімді.

·     Кейіпкер немесе автор орнында болса не істер еді, қалай жазар еді?

·     Кейіпкердің жан дүниесін түсінуге талпыну.  

 

Президент Жолдауы

Директор блогы

Choose Color